Газ жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарь слесарьлық жұмыстарды, тұрмыстық газ плиталарына, су жылытқыштарына және басқа да газ жабдықтарына қызмет көрсететін және жөндеу жұмыстарын жүргізетін маман.
Газ жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарь мынадай жұмыс түрлерін орындай алады:
Мамандықты ойдағыдай меңгеру үшін химия, физика, сызу бойынша базалық білім қажет. Еңбекақы жұмыс орнына, біліктілік деңгейіне және тәжірибесіне байланысты. Газ жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарь разрядына қарай қарапайым немесе одан күрделі жұмыстарды орындай алады.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 2-3 жыл.
Бұл мамандықтың артықшылығы біліктілік деңгейінің арту мүмкіндігінде, сәйкесінше мансаптық өсу перспективасының болуында. Газдың құндылығы анық, ал оның қомақты қорлары елді газбен қамтамасыз етудің одан сайын дамуына жағдай жасайды, сондықтан газ жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарьлер әрдайым сұранысқа ие болады.
Жемісті жұмыс істеу үшін шебердің бойында бірқатар жеке қасиеттер болуы қажет: мықты дене денсаулығы, көру, есту және иіс сезу қабілетінің жоғары болуы, қозғалыстың жақсы үйлесімі, орындаушылық, ұқыптылық, командада жұмыс істей білу және әріптестермен қарым-қатынасты сақтау.
Бұл мамандықтың кемшілігі еңбек жағдайында. Аллергиялық аурулары бар адамдарға бұл жұмыс ұсынылмайды.
Жас мамандарға жұмысшы өз міндеттерін орындауға жауапкершілікпен және мұқияттылықпен қарап, әріптестерімен қарым-қатынаста ашық және коммуникабелді болуы керек екендігін білгені жөн. Бұл мамандықты таңдай отырып, күрделі жұмысқа, білім мен қауіпсіздік техникасының жоғары талаптарына дайын болуыңыз керек, өйткені газ пайдаланатын құрылғылар басқа коммуникацияларға қарағанда неғұрлым байыпты бақыланатын, аса қауіпті объектілер болып табылады.